Басты Жаңалықтар Универсиада-2017. Атлеттер ауылы спортшылар қабылдауға дайын

Универсиада-2017. Атлеттер ауылы спортшылар қабылдауға дайын

Универсиада-2017. Атлеттер ауылы спортшылар қабылдауға дайын

Алматыдағы Қысқы Универсиада аума­ғын­дағы Атлеттер ауылы әлемнің 55 елі­нен келетін спортшыларды қабылдауға сақа­дай сай отыр. Қалашықтағы құрылыс жұ­мыс­­тары 2014 жылғы желтоқсанда басталып, биылғы жылғы тамыз айында толық аяқталған.

nm,jhgjgj

Тұрғын үй кешені U (Universiade) ағылшын әрпімен орналасқан 14 ғимараттан және қызмет көрсететін 3 блоктан тұрады. Сәулеттік жоспар бойынша барлық нысандар жартасқа салынған суреттердегі күн адамының бейнесін бейнелейді.

htrhrthrth

14 қабаттық тұрғын үй ғимараттарының операциялық блок орналасқан. «Пирамидада» Универсиада кезінде FISU ұйымдастырушыларының кеңсесі, 1000 адамға қызмет көрсетуге есептелген асхана және демалыс орны орналасатын болады, интербелсенді технологияларды қолдану арқылы Дәстүрлі музыкалық аспаптар мұражайы ұйымдастырылады.

gergregergreg

Дирекцияның айтуынша, мұнда спорт­шыларға керекті нәрсенің бәрі бар. Атлет­тер ауылы бір мезетте 5 мың адамды қа­был­дай алады. Онда 1 кісі­лік орыннан бас­тап 3 кісілік жылы әрі ыңғайлы жатын жай­лары жасалған. Сондай-ақ, әлемнің әр түк­пірі­нен келетін шетелдік меймандар Қазақ елі­нің ұлттық аспаптарымен және ән-күйі­мен де танысады. Атлеттер ауылында ашыл­ған мұражайдан Әміре Қашаубаев пен Жүсіпбек Елебековтің домбыраларын, Шашу­­бай Қошқарбайұлының сырнайы мен Сма­тай Үмбетовтің қылқобызын және бас­­қа белгілі тұлғалардың аспаптарын көру­­ге болады. Ал, жақын күндері спортшылар қала­шы­ғында діни және мәдени орта­­лық­­тар мен сән салондары ресми түрде ашылады.

fwefewfwefweffw

Делегацияларға Атлетикалық қалашық 2017 жылдың 24 қаңтарынан 10 ақпанға дейін ашық болады.

Бөлісу