Қазақстандық хоккейшілер Универсиаданың күміс жүлдегері атанды
Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында хоккей финалында Қазақстан Құрамасы ресейліктер есе жіберді. Кездесу 1:0 есебімен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
«Халық Аренада» өткен финалдық кездеу 0:1 есебімен ресейліктердің пайдасына аяқталды. Кездесудегі жалғыз шайбаны матчтың 41-минутында Даниил Ильин соқты.
Осылайша, Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші Универсиада ойындарының финалына шығып, үшінші рет күміс жүлде алып отыр. Бұған дейін 2013 жылы Трентинода Қазақстан құрамасы Канададан ұтылса, 2017 жылы Гранадада өткен бәсекенің финалында Ресей құрамасынан жеңіліп қалып еді.
Еске салайық, жартылай финалда Қазақстан құрамасы чех елінің хоккейшілерінен айласын асырды. Қазақстан мен Чехия құрамалары топтық кезеңде де ойнаған болатын. Ол ойында отандастарымыз қарсыластарын 8:0 есебімен ұтқан еді. Сергей Старыгиннің шәкірттері қарсыластарын 4:1 есебімен ұтты. Ал, Ресей спортшылары жартылай финалда канадалықтармен кездесіп, 4:1 есебімен ұтқан болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы