Федерация кубогы: ІІ Әлемдік топтың плей-офф кезеңінде Қазақстан Ұлыбритания құрамасымен ойнайды
Теннистен федерация кубогы ІІ Әлемдік топтың плей-офф кезеңінде бақ сынайтын қазақстандық теннисші қыздардың қарсыласы анықталды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады. Қарсылас - Ұлыбритания құрамасы. Матч сәуір айына жоспарланған.
Еске сала кетейік, бұл кезеңге жолдаманы Қазақстан құрамасы Астанада өткен Азиялық квалификация аясында жеңіп алған болатын. Алдымен, біздің теннисшілер В тобын ұтып, Таиланд пен Үндістанды оңай басып озды. Плей-офф кезеңіне жолдама беретін кездесуде Қытай құрамасын жеңді. Ал, Ұлыбритания құрамасы шешуші кездесуде Сербия құрамасын жеңген болатын.
Фото: olympic.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Эльмира Сыздықова Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
21.11.2025, 10:30
Ирина Казюлина Ислам Ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды
21.11.2025, 10:20
Сұлтанбек Айбарұлы бокстан Әлем кубогының жеңімпазы атанды
21.11.2025, 10:00
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды
21.11.2025, 09:50
Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады
20.11.2025, 15:20
«ПСЖ» мен Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими Африканың үздік футболшысы атанды
20.11.2025, 10:10
Кюрасао тарихында алғаш рет футболдан Әлем чемпионатына жолдама алды
19.11.2025, 12:20
Шотландия құрамасы 28 жылдан кейін Әлем чемпионатына шықты
19.11.2025, 12:00