Қазақстандық клубтардың еурокубоктардағы қарсыластары анықталды
Швейцарияның Ньон қаласында 2019/2020 жылғы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті.
Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде елордалық "Астана" клубы Румыния біріншілігін 4 мәрте ұтқан "ЧФР Клуж" клубына қарсы ойнайды. Бірінші раундтың алғашқы ойындары 9 және 10 шілде күндері өтсе, қарымта кездесулер 16 және 17 шілдеде өтеді.
Сонымен қатар, Еуропа лигасында бақ сынайтын "Қайрат", "Ордабасы", "Тобол" клубтарының қарсыластары анықталды. Алматылық "Қайрат" алғашқы раундта Босния және Герцоговина елінің "Широки Бриег" клубымен кездессе, шымкенттік "Ордабасы" грузиялық "Торпедомен" ойнайды. Ал қостанайлық "Тобол" Люксембург чемпионатының командасы "Женнеске" қарсы бақ сынайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Интер» - «Қайрат»: ойынын қайдан көруге болады?
05.11.2025, 16:19
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
30.10.2025, 02:05