Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында жүлдегер атанды
Ұлан-Батырда өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Милад Карими жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Карими еркін жаттығудан өткен финалдық кезеңде 14.533 ұпай жинап екінші орынға тұрақтады. Бірінші орын қытайлық спортшыға бұйырса, қола медаль жапониялық спортшының еншісінде.
Айта кетейік, Милад Карими спорттық гимнастиканың тағы үш түрі бойынша финалда бақ сынайды. Сонымен қатар отандастарымыз Нариман Құрбанов пен Аким Мұсаев гимнастикалық ат снарядындағы жаттығуда жүлдеге таласатын болады.
Фото: ҚР ҰОК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Эльмира Сыздықова Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
21.11.2025, 10:30
Ирина Казюлина Ислам Ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды
21.11.2025, 10:20
Сұлтанбек Айбарұлы бокстан Әлем кубогының жеңімпазы атанды
21.11.2025, 10:00
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды
21.11.2025, 09:50
Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады
20.11.2025, 15:20
«ПСЖ» мен Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими Африканың үздік футболшысы атанды
20.11.2025, 10:10
Кюрасао тарихында алғаш рет футболдан Әлем чемпионатына жолдама алды
19.11.2025, 12:20
Шотландия құрамасы 28 жылдан кейін Әлем чемпионатына шықты
19.11.2025, 12:00