Басты Жаңалықтар Шаңғы жарысы. Отандастарымыз жүлдеге таласа алмады

Шаңғы жарысы. Отандастарымыз жүлдеге таласа алмады

Бүгін Ақ Олимпиадада шаңғы жарысынан әйелдер арасында 10 км қашықтықты еркін жүріп өтіу   сайысы өз мәресіне жетті. Бұл додада құрама сапынан Анна Шевченко, Валерия Тюленева және Еленеа Коломина қатысқан еді. Сайыс қорытындысы бойынша отандастарымыз медальға таласа алмады.

Валерия Тюленева 28:20.7 минут көрсеткішімен 47-ші орынды еншілесе, Анна Шевченко 28:56.9 минут (56-шы орын), ал Елена Коломина 29 минут 13 секундта (63-орын) мәре сызығына жетті. Аталған сында алтын медальді норвегиялық Хага Рагниль алса, швециялық Шарллот Калла күміс жүлдеге ие болды. Жүлделі үшінші орын қос спортшыға бұйырды. Қола медаль мәреге бірдей уақытта жеткен норвегиялық Марит Бьерген мен фин спортшысы Криста Пярмякоски берілді.

Аталмыш сайысты «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Бөлісу