Бауыржан Исламхан әлемнің ең қымбат еркін агенттерінің тізіміне енді
Әйгілі Transfermarket порталы әлемнің ең қымбат еркін агенттерінің тізімін жариялады. Алғашқы ондыққа Бен Арфа, Николас Гайтан, Вильфрид Бони, Секу Саного сынды ойыншылармен бірге қазақстандық Бауыржан Исламхан да кірді. Мамандар Ұлттық құраманың капитанын 3 миллион еуроға бағалаған.
Бұл тізімде бағасы миллион еуродан жоғары тағы үш қазақстандық ойыншы бар. Роман Мурзатаев (2,5 млн), Виктор Дмитренко (1,2 млн) және Бауыржан Тұрысбек (1 млн) те клубсыз жүрген қымбат ойыншылардың қатарына қосылған.
Бауыржан Исламханды польшалық және ресейлік клубтармен байланыстырады. Әзірге отандасымыз "Қайратпен" бірге жаттығуда. 26 жастағы талантты футболшыны қай командадан көргіңіз келеді?
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Эльмира Сыздықова Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
21.11.2025, 10:30
Ирина Казюлина Ислам Ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды
21.11.2025, 10:20
Сұлтанбек Айбарұлы бокстан Әлем кубогының жеңімпазы атанды
21.11.2025, 10:00
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды
21.11.2025, 09:50
Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады
20.11.2025, 15:20
«ПСЖ» мен Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими Африканың үздік футболшысы атанды
20.11.2025, 10:10
Кюрасао тарихында алғаш рет футболдан Әлем чемпионатына жолдама алды
19.11.2025, 12:20
Шотландия құрамасы 28 жылдан кейін Әлем чемпионатына шықты
19.11.2025, 12:00