Чилиде өткен жарыстан қазақстандықтар 5 медаль еншіледі
Чили астанасы Сантьяго қаласында каратэден Премьер лига бәсекесі өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 4 қола медаль бар.
60 келі салмақта өнер көрсететін Қайсар Алпысбай қарсыластарына дес бермей, турнир жеңімпазы атанды. Шешуші сында бразилиялық Дуглас Броустан айласын асыра алды. Осы салмақтың "қоласын" Дархар Асәділов иеленді.
67 салмақ дәрежесіндегі отандастарымыз Асылбек Мұратов пен Дидар Әмірәлі де үшінші орын алды. 87 келідегі жерлесіміз Игорь Чехмарев та қоланы қанағат тұтты.
Мұхиттың ар жағындағы жарысқа елімізден 12 спортшы аттанып, 8-і жүлдеге таласты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Эльмира Сыздықова Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
21.11.2025, 10:30
Ирина Казюлина Ислам Ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды
21.11.2025, 10:20
Сұлтанбек Айбарұлы бокстан Әлем кубогының жеңімпазы атанды
21.11.2025, 10:00
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды
21.11.2025, 09:50
Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады
20.11.2025, 15:20
«ПСЖ» мен Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими Африканың үздік футболшысы атанды
20.11.2025, 10:10
Кюрасао тарихында алғаш рет футболдан Әлем чемпионатына жолдама алды
19.11.2025, 12:20
Шотландия құрамасы 28 жылдан кейін Әлем чемпионатына шықты
19.11.2025, 12:00