Спорттық гимнастикадан бірнеше кезең өтпейтін болды
Халықаралық гимнастика федерациясы спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінің өтпейтінін мәлімдеді.
Аталған турнир Словенияның Копере қаласында 11-14 маусым аралығында өтуі тиіс болатын.
Осыған дейін 26-28 маусымға жоспарланған Мерсиндегі (Түркия) жарыстың өтпейтіні белгілі болған еді.
Сонымен қатар, Варнедегі (14-17 мамыр, Болгария), Каирде (Кгипет, 5-8 маусым) және Осиекеде (18-21 маусым, Хорватия) өтетін сайыстар өткізілмейтін болды.
Айта кетерлігі, коронавирус пандемиясына байланысты спорттық гимнастикадан Бирминегем (Ұлыбритания - 28 наурыз) мен Токиодағы (Жапония, 4-5 сәуір) олимпиадалық іріктеу турнирлері тоқтатылса, Дохада жоспарланған әлем кубогінің кезеңі белгісіз мерзімге кейінге шегерілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Эльмира Сыздықова Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
21.11.2025, 10:30
Ирина Казюлина Ислам Ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды
21.11.2025, 10:20
Сұлтанбек Айбарұлы бокстан Әлем кубогының жеңімпазы атанды
21.11.2025, 10:00
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды
21.11.2025, 09:50
Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады
20.11.2025, 15:20
«ПСЖ» мен Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими Африканың үздік футболшысы атанды
20.11.2025, 10:10
Кюрасао тарихында алғаш рет футболдан Әлем чемпионатына жолдама алды
19.11.2025, 12:20
Шотландия құрамасы 28 жылдан кейін Әлем чемпионатына шықты
19.11.2025, 12:00