Бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні
8 шілде күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телеарналар арқылы халыққа үндеу жасап, коронавирустан қаза тапқан қазақстандықтарды еске алу үшін 13 шілдені Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
«Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын», - деді Мемлекет басшысы.
Бүгін мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, шекаралық дипломатиялық мекемелер ғимаратындағы мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Ойын-сауықтық шаралар мен осы бағыттағы телебағдарламалар тоқтатылады.
Жалпы, Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 375-ке жетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Эльмира Сыздықова Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
21.11.2025, 10:30
Ирина Казюлина Ислам Ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды
21.11.2025, 10:20
Сұлтанбек Айбарұлы бокстан Әлем кубогының жеңімпазы атанды
21.11.2025, 10:00
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды
21.11.2025, 09:50
Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады
20.11.2025, 15:20
«ПСЖ» мен Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими Африканың үздік футболшысы атанды
20.11.2025, 10:10
Кюрасао тарихында алғаш рет футболдан Әлем чемпионатына жолдама алды
19.11.2025, 12:20
Шотландия құрамасы 28 жылдан кейін Әлем чемпионатына шықты
19.11.2025, 12:00