«Бавария» «Лионды» жеңді
Чемпиондар лигасының жартылай финалдық кездесуінде «Бавария» «Лионды» 3:0 есебімен жеңді.
Кездесу Лиссабонда (Португалия) «Жозе Алваладе» стадионында өтті. Матчқа Матео Лаос бастаған испандық төрешілер тобы қазылық етті.
Есеп бірінші таймның ортасында ашылды. 18-минутта Йозуа Киммихтің пасының арқасында Серж Гнабри алғашқы голдың авторы атанды. 33-минутта Германия клубы екінші голды соғып кетті, Гнабри дубль жасады. Матч соңында Роберт Левандовски Киммихтің пасынан кейін есепті 3:0-ге жеткізді.
Финалда «Бавария» франциялық «Пари Сен-Жерменмен» кездеседі. Шешуші матч 23 тамызда Лиссабонда «Да-Луж» стадионында өтеді.
УЕФА Чемпиондар лигасының финалын «QAZSPORT» телеарнасы 23 тамызда, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00:50-де тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
30.10.2025, 02:05
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
29.10.2025, 23:57