Головкин - Мурата кездесуінің уақыты белгілі болды
Қазақстандық кәсіпқой бокс шебері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапон боксшысы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) 9 сәуір күні Сайтама (Жапония) қаласында кездеседі. Кездесу DAZN стриминг жүйесі арқылы көрсетіледі. Бұл жайлы инсайдер Майк Коппинджер өзінің твиттер парақшасында мәлімдеді.
Коппинджердің айтуы бойынша, кездесудегі жеңіс қазақстандық боксшыға Сауль Альвареспен (57-1-2, 39 КО) үшінші кездесуге жол ашуы керек. Осыған дейін белгілі болғандай мексикалық боксшы DAZN стриминг жүйесі арқылы екі кездесуге келіскен.
Альварес 7 мамыр күні ресейлік Дмитрий Биволмен жартылай ауыр салмақтағы WBA белдігін сарапқа салады. Екінші кездесу 17 қыркүйек күні Головкинмен өтетін трилогия болуы тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
30.10.2025, 02:05
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
29.10.2025, 23:57