Алан Құрманғалиев халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды
Үстел теннисінен Катарда өткен «WTT Youth Star Contender» жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде отандасымыз Алан Құрманғалиев екі күміс медаль иеленді. Жекелей сында жарыс иесі катарлық Мохаммед Аль-Салуатиді, тунистік Юссеф Айдлиді, аустриялық теннисші Юлиана Рзихаушека мен Болгария спортшысы Яна Величкованы жеңіп, финалға жолдама алған еді. Алайда шешуші бәсекеде Құрманғалиев жапониялық Тамито Ватанабеден 1:3 есебімен жеңіліп, алтынға қол созым жерде қалды.
Халықаралық доданың жұптық сынында тунистік теннисші Юссеф Айлдимен бірге өнер көрсеткен отандасымыз екінші мәрте күмістен алқа тағынды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Эльмира Сыздықова Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
21.11.2025, 10:30
Ирина Казюлина Ислам Ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды
21.11.2025, 10:20
Сұлтанбек Айбарұлы бокстан Әлем кубогының жеңімпазы атанды
21.11.2025, 10:00
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды
21.11.2025, 09:50
Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады
20.11.2025, 15:20
«ПСЖ» мен Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими Африканың үздік футболшысы атанды
20.11.2025, 10:10
Кюрасао тарихында алғаш рет футболдан Әлем чемпионатына жолдама алды
19.11.2025, 12:20
Шотландия құрамасы 28 жылдан кейін Әлем чемпионатына шықты
19.11.2025, 12:00