«Qazsport» телеарнасы XVIІ Жазғы Паралимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтетін XVIІ Жазғы Паралимпиада ойындарын қазақстандықтар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады.
Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатын 28 тамыз күні 23.00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде ұсынады. Паралимпиада ойындары өтетін мерзімде «Qazsport» телеарнасының тілшісі Азат Смағұлов пен оператор Абзал Чадетов Парижден ақпарат таратады. Эфирде Олимпиада ойындарын жүргізген комментаторлар тобы жұмыс істейді.
Қазақстан құрамасы жазғы Паралимпиада ойындарына осымен 8-ші рет қатысады. XVIІ Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысу үшін ұлттық құрама спортшылары 33 лицензия иеленді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Эльмира Сыздықова Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
21.11.2025, 10:30
Ирина Казюлина Ислам Ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды
21.11.2025, 10:20
Сұлтанбек Айбарұлы бокстан Әлем кубогының жеңімпазы атанды
21.11.2025, 10:00
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды
21.11.2025, 09:50
Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады
20.11.2025, 15:20
«ПСЖ» мен Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими Африканың үздік футболшысы атанды
20.11.2025, 10:10
Кюрасао тарихында алғаш рет футболдан Әлем чемпионатына жолдама алды
19.11.2025, 12:20
Шотландия құрамасы 28 жылдан кейін Әлем чемпионатына шықты
19.11.2025, 12:00