Қазақстандық екі боксшы World Boxing Әлем Чемпионатының финалына шықты
АҚШ-тың Пуэбло қаласында World Boxing ұйымының U19 Әлем чемпионатына төрт боксшымыз қатысты. Ұлттық құрамамыздан екі былғары қолғап шеберіміз финалға шықты.
65 келі салмақтың жартылай финалында Асылхан Көшербай украиналық спортшыдан басым түсті. Ол финалда Аустралиядан келген спортшымен алтынды сарапқа салады.
Даниял Райымбеков 85 келіде финалға шығу жолында Оңтүстік Корея елінің боксшысын жеңді. Отандасымыз ақтық сында Уэльс өкілімен күш сынасады.
Финалдық жекпе-жектер 2 қараша күні өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Эльмира Сыздықова Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
21.11.2025, 10:30
Ирина Казюлина Ислам Ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды
21.11.2025, 10:20
Сұлтанбек Айбарұлы бокстан Әлем кубогының жеңімпазы атанды
21.11.2025, 10:00
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды
21.11.2025, 09:50
Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады
20.11.2025, 15:20
«ПСЖ» мен Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими Африканың үздік футболшысы атанды
20.11.2025, 10:10
Кюрасао тарихында алғаш рет футболдан Әлем чемпионатына жолдама алды
19.11.2025, 12:20
Шотландия құрамасы 28 жылдан кейін Әлем чемпионатына шықты
19.11.2025, 12:00