«Халықаралық дзюдо федерациясымен ынтымақтастықты жандандыруға ниеттіміз»
«Халықаралық дзюдо федерациясымен ынтымақтастықты жандандыруға ниеттіміз»
Мемлекет басшысы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визерді қабылдады.
Президенттің айтуынша, Қазақстанда спорттың осы түріне қызығушылық зор. Әсіресе, балалар мен жастар арасында танымалдылыққа ие.
– Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Халықаралық дзюдо федерациясы арасындағы өзара ықпалдастыққа тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды деп санаймын.
Бүгінде дзюдоның әлемдік спорт қоғамдастығында алатын орны зор. Дзюдо – Қазақстанда да өте танымал спорт түрі. Елімізде көптеген секция мен жаттығу орталықтары жұмыс істейді. Онда 160 мыңнан аса адам, солардың ішінде балалар да жаттығады. Париж Олимпиадасында Елдос Сметовтің жеңімпаз атанғанын мақтан тұтамыз. Сондықтан біз Халықаралық дзюдо федерациясымен қарым-қатынасты өркендетіп, ынтымақтастықты жандандыруға ниеттіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Эльмира Сыздықова Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
21.11.2025, 10:30
Ирина Казюлина Ислам Ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды
21.11.2025, 10:20
Сұлтанбек Айбарұлы бокстан Әлем кубогының жеңімпазы атанды
21.11.2025, 10:00
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды
21.11.2025, 09:50
Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады
20.11.2025, 15:20
«ПСЖ» мен Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими Африканың үздік футболшысы атанды
20.11.2025, 10:10
Кюрасао тарихында алғаш рет футболдан Әлем чемпионатына жолдама алды
19.11.2025, 12:20
Шотландия құрамасы 28 жылдан кейін Әлем чемпионатына шықты
19.11.2025, 12:00