Басты Жаңалықтар Норвегия құрамасы араға 28 жыл салып Әлем чемпионатына жолдама алды

Норвегия құрамасы араға 28 жыл салып Әлем чемпионатына жолдама алды

Норвегия құрамасы араға 28 жыл салып Әлем чемпионатына жолдама алды

 ӘЧ-2026 іріктеу кезеңіндегі соңғы матчта Норвегия Италияны ірі есеппен жеңді. Миланда өткен кездесу қонақтардың пайдасына 4:1 есебімен аяқталды.

Осы іріктеу кезеңінде екі команданың алғашқы ойыны да норвегиялықтардың ірі жеңісімен аяқталған (3:0).

Холанд бастаған жігіттер барлық ойында жеңіске жетіп, 24 ұпай жинады.

Осылайша олар I тобында бірінші орын алды және 1998 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатына шықты.

Италиялықтар 18 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады және плей-офф кезеңінде ойнайды. Бұл топтан Израиль (12 ұпай), Эстония (4) және Молдова (1) Әлем чемпионатына өте алмады.

Бөлісу