Юлия Галышева параллельді могул бойынша Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді
Осы күндері Испанияның Сьерра-Невада тау-шаңғы курортында шаңғы фристайлы және сноубордтан 2017 жылғы Әлем чемпионаты өтуде.
Бүгін қазақстандық Юлия Галышева параллельді могул бойынша күміс жүлдеге ие болды.
Бұл - 24 жастағы спортшының Әлем чемпионаттарындағы екінші медалі. 2015 жылы параллельді могул бойынша қола жүлдегер атанған болатын. Ол - бұл спорт түрі бойынша Әлем чемпионатында жүлде иеленген жалғыз қазақстандық спортшы.
Алтын жүлдені франциялық Перрин Лафо, қола медальді америкалық спортшы Джаелин Кауф еншіледі.


Естеріңізге саламыз, чемпионатты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.
Жарыс 19 наурызға дейін жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Геннадий Головкин World Boxing президенті атанды
23.11.2025, 23:50
Қазақстан құрамасы хоккейден Азия чемпионы
23.11.2025, 18:00
Эльмира Сыздықова Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
21.11.2025, 10:30
Ирина Казюлина Ислам Ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды
21.11.2025, 10:20
Сұлтанбек Айбарұлы бокстан Әлем кубогының жеңімпазы атанды
21.11.2025, 10:00
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды
21.11.2025, 09:50
Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады
20.11.2025, 15:20
«ПСЖ» мен Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими Африканың үздік футболшысы атанды
20.11.2025, 10:10