Басты Жаңалықтар Футзалдан Қазақстан құрамасы даниялықтарды ойсырата ұтты

Футзалдан Қазақстан құрамасы даниялықтарды ойсырата ұтты

Футзалдан Қазақстан құрамасы даниялықтарды ойсырата ұтты

Футзалдан 2018 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы даниялықтардан 5:0 есебімен басым түсті.

Кездесуде Серік Жаманқұлов, Лео, Михаил Першин, Дуглас пен Дінмұхамед Сүлейменов бір-бір голмен көзге түсті. 

Топтағы шешуші ойында отандастарымыз Чехия құрамасымен кездеседі. Қос құрамада да 6 ұпайдан бар. 

Топта бірінші орын алған команда 2018 жылғы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады. Ал, екінші орын алған ұжым қосымша жолдамаға талас жүргізеді.
 

Бөлісу