Басты Жаңалықтар Ақмолалық каратистер халықаралық турнирде 9 медаль жеңіп алды

Ақмолалық каратистер халықаралық турнирде 9 медаль жеңіп алды

Ақмолалық каратистер халықаралық турнирде 9 медаль жеңіп алды

Астанада карате  шинкиокушинкайдан «Astana cuр» атты  халқаралық турнир өтті. Дәстүрге айналған аталмыш спорт түрі осымен 9-рет ұйымдастырылып отыр. Сайыста Ресей, Қырғызстан,  Тәжікстан,  Татарстан және Қазақстан елдерінен 400-ге  жуық каратистер  бақтарын сынады.

 

Еліміздің намысын Ақмола облысының «САРДАР» спорт клубының спортшылары қорғап жеңістің биік тұғырынан көрінді. Турнир соңында каратистеріміз 3 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль еншіледі. 
Ағайынды  жаттықттырушылар Алмас және Аязби Алшынбаевтардың айтуынша, барлық спортшылар ел намысын абыроймен қорғап, лайықты қарсылық көрсетті. 

 

Сондай-ақ, турнир барысында  Жапония елінен келген Таиши  Ватанабенің қатысуымен семинар-жаттығу ұйымдастырылды. Оған клуб жаттықтырушысы Аязби Алшынбаев, Ибрагим Хамзин, Ернар Жұмашев, Станислав Кауфман және Рамазан Тумгоевтер қатысып, шеберліктерін арттырды.

Бөлісу