Басты Жаңалықтар Жансель Дениз – күміс, Руслан Жапаров – қола, Кирилл Казанцев – қола

Жансель Дениз – күміс, Руслан Жапаров – қола, Кирилл Казанцев – қола

Жансель Дениз – күміс, Руслан Жапаров – қола, Кирилл Казанцев – қола

Джакартада өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан таэквондошылары екі медаль иеленді.

Жансель Дениз +67 келіде күміс жүлдегер атанды. Ол финалда оңтүстіккореялық Дабин Лиден 21:27 есебімен жеңіліп қалды.

Ал, ерлер арасында +81 келіде сынға түскен Руслан Жапаров Азия ойындарының қола медалін алды. Ол алғашқы айналымда непалдық Анож Пижариді 21:0 есебімен, екінші айналымда тайландтық Наттапат Тантрамартты 30:15 есебімен жеңді. Жартылай финалда Иран спортшысы Саид Раджабиден 5:7 есебімен жеңілді.

Сонымен қатар, жерлесіміз Кирилл Казанцев маунтинбайктан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Кросс-кантри категориясында сынға түскен спортш бірнеше айналым бойы бірінші орында келе жатқан. Алайда, мәреге жақын қалғанда қытайлық спортшыларды алдына жіберіп алды. Осылайша, Казанцев жеңімпаздан 2 минут 32 секундқа кейін қалып, қола жүлдегер атанды.

 

ФОТО: olympic.kz

Бөлісу