«Астана» жаңа маусымға қадам басты
«Astana Pro Team» командасы жаңа маусымдағы құрамын ресми түрде таныстырды. Италияның Брешиа қаласында өткен тұсаукесер рәсіміне демеушілер, мәртебелі меймандар мен велошабандоздардың отбасылары шақырылды. Шарада құрамаға жаңадан қосылған спортшыларды таныстырып, маусымның басты мақсаттарын айқындады.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған шарада «Astana Pro Team» командасының бас менеджері Александр Винокуров 2014 жылдың басты міндеті – Тур де Франс додасында жеңіске жету екенін айтты. Команда капитаны италиялық велошабандоз Винченцо Нибали болды.
Сонымен қатар, Милан-Санремо, Льеж-Бастонь-Льеж, Париж-Ницца, Тиррено-Адриатико және Джиро Италия жарыстарында велошабандоздар жоғары нәтиже көрсетуге күш салмақ.
«Astana Pro Team» командасының құрамына Микель Ланда (Испания), Льюв Вестра (Нидерланд), Валентин Иглинский (Қазақстан) және Микеле Скарпони (Италия) қосылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Интер» - «Қайрат»: ойынын қайдан көруге болады?
05.11.2025, 16:19
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
30.10.2025, 02:05