«Жетісу-Жібек жолы» велошеруі басталды
Астана күніне орай, Алматы облысында «Жетісу-Жібек жолы» атты велошеруі басталды. Аймақта алғаш ұйымдастырылған спорттық шара Елбасының кіндік қаны тамған Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылынан бастау алды.
Орталық алаңда салтанатты шара өтіп, веложарыққа қатысушыларға қошемет көрсетілді.
Айта кету керек, веложорыққа 30 әуесқой және кәсіпқой велоспортшылар қатысуда.
Олар 1 апта бойы Талғар-Шелек-Шонжы-Жаркент-Қоңыркөл-Қоғалы-Рудничий-Текелі бағытындағы автомобиль жолдарымен жүріп өтіп, 6 шілдеде Талдықорған қаласында тоқтайды.
Сәбит Жайлыбаев, облыстық «Жетісу» велоспорт федерациясының атқарушы директоры:
Бұл веложорықтың мақсаты - елдің арасында Астананың 16 жылдығын, велоспорттың 100 жылдығын дәріптеу. Сонымен қатар, велосипедті ұтымды, үнемді, пайдалы көлік ретінде халық арасына енгізу, сол арқылы бұқаралық спортты дамыту. Болашақта Шамалғаннан Талдықорғанға дейінгі аралықта халықаралық дәрежедегі көпкүндік жарыстар өтетін болады. Бұл бір жағынан соған дайындық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Интер» - «Қайрат»: ойынын қайдан көруге болады?
05.11.2025, 16:19
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
30.10.2025, 02:05