Винченцо Нибали сары жейдені сақтап қалды
Қазақстандық «Астана» командасының италиялық велошабандозы Винченцо Нибали «Тур де Франс» көпкүндігінің үшінші кезеңінен кейін жалпы есептегі бірінші орынды сақтап қалды.
155 шақырымды құрайтын Кембридж бен Лондон аралығындағы кезеңде «Team Giant-Shimano» командасының германиялық велошабандозы Марсель Киттель жеңіске жетті. Ол бұған дейін көпкүндіктің бірінші кезеңінде топ жарған еді.
Екінші және үшінші орындарды словак Петер Саган («Cannondale») мен австралиялық Марк Реншо («Omega Pharma - Quick Step») бөлісті.
«Астана» командасының сапында ең жоғары нәтижені Винченцо Нибали көрсетті. Ол 29-шы орыннан көрінді. Сонымен қатар, қазақстандық команданың тағы бір өкілі – даниялық Якоб Фульсанг 46-шы орынға тұрақтады.
Үшінші кезеңнің нәтижесіне қарамастан, «Тур де Франс» көпкүндігінің екінші кезеңінде жеңіске жеткен Винченцо Нибали сары жейдені сақтап қалды. Екінші және үшінші орында Петер Саган мен «BMC Racing» командасының бельгиялық өкілі Грег Ван Авермэ тұр. Ал Якоб Фульсанг жалпы есепте 12-ші орынға сырғыды.
«Тур де Франс» көпкүндігінің төртінші кезеңі 163 шақырымға созылып, Лилль қаласында аяқталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Интер» - «Қайрат»: ойынын қайдан көруге болады?
05.11.2025, 16:19
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
30.10.2025, 02:05