Елбасыға «Тур де Франс» бәйгесінде жеңіске жеткен «Астана» велокомандасының жейдесі тарту етілді
Елбасы «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровты қабылдады
Кездесуде велокоманданың қазіргі маусымдағы міндеттері, елдегі велоспорттың дамуы талқыланды.
Мемлекет басшысы Қазақстанда велоспортты дамыту және кеңінен таныту үшін қажетті барлық жағдай жасалып жатқанын айтты.
«Астанада мүмкіндігі жағынан ең үздіктердің бірі саналатын «Сарыарқа» республикалық велотрегі салынды. Жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген кәсіби велокоманда құрылды», – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы өскелең ұрпақты велоспортқа баулудың маңыздылығын да атап өтті.
А.Винокуров команданың табыстары туралы, сонымен қатар Велошабандоздардың халықаралық одағының бастамасымен өтетін «Алматы Туры» жарысына деген қызығушылықтың өсіп келе жатқанын айтты.
«Велокомандамыз биыл оныншы маусымын өткізеді. Біз өзіміз қатысып жүрген барлық жарыстарда жеңуге тырысамыз. Еуропада елеулі жарыстардың барлығында жеңіп, жақсы беделге ие болдық», – деді велокоманданың бас менеджері Александр Винокуров.
Кездесу барысында А.Винокуров Мемлекет басшысына былтыр «Тур де Франс» көпкүндік велобәйгесінде жеңіске жеткен «Астана» велокомандасының жейдесін тарту етті.
Фото: www.akorda.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Интер» - «Қайрат»: ойынын қайдан көруге болады?
05.11.2025, 16:19
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
30.10.2025, 02:05