Дубайда «Астана» велокомандасының маусым алдындағы таныстырылымы өтті
Дубайдағы «Jumeirah Beach» қонақүйінде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры қаржыландыратын «Astana Pro Team» командасының жаңа құрамы көпшілікке таныстырылды.
Баспасөз жиынына ҚР Велоспорт федерациясының президенті Дархан Қалетаев, команданың бас менеджері Александр Винокуров пен команданың негізгі велошабандоздары Винченцо Нибали, Фабио Ару, Ларс Боом, Мақсат Аязбаев пен Бақтияр Қожатаев қатысты.
Дархан Қалетаев велокоманданың БАӘ-не келудегі басты мақсаты - «Дубай тур-2015» жарысына қатысу және араб әлемінде қазақстандық спорттың беделін көтеру екендігін атап өтті.
Александр Винокуровтың айтуынша, 2015 жылға қойылған басты мақсат – беделді «Тур де Франс» сайысында көшбасшының сары жейдесін абыроймен ұстау.
«Astana Pro Team» құрамында велоспорттың шетелдік жұлдыздары басымдық танытқанымен, негізгі командаға қазақстандық спортшылар да қосылуда. Оның ішінде Мақсат Аязбаев пен Бақтияр Қожатаев бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Интер» - «Қайрат»: ойынын қайдан көруге болады?
05.11.2025, 16:19
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
30.10.2025, 02:05