Тур де Франс-2015. «Астана» капитаны Винченцо Нибали 5-ші кезеңді 19-шы орында аяқтады
«Астана» велокомандасының капитаны Винченцо Нибали Францияда өтіп жатқан «Тур де Франс» көпкүндігінің 5-ші кезеңінде мәре сызығын 19-шы болып кесті.
Бұл кезеңде жеңісті «Lotto Soudal» командасының өкілі германиялық велошабандоз Андре Грайпель тойласа, 2-ші орынды «Tinkoff-Saxo» командасынан словакиялық Петер Саган иемденді. Үздіктер үштігін ұлыбританиялық Марк Кэвендиш («Etixx - Quick Step») түйіндеді.
В.Нибалиден бөлек, «астаналықтардан» эстониялық Танел Кангерт кезеңде 17-ші орынды иеленді. Сонымен қатар, «Астананың» тағы бір өкілі италиялық Микеле Скарпони 20-шы келді.
Ал, бас класификацияда Нибали 13-орынды сақтап, көшбасшы Тони Мартиннен 1 минут, 50 секундқа қалып келеді.
Бас класификация:
1. Тони Мартин (Германия, «Etixx-Quick Step») — 17:19:26.
2. Крис Фрум (Ұлыбритания, «Sky») — 17:19:38 (+00:12).
3. Тиджей ван Гардерен (АҚШ, «ВМС») — 17:19:51 (+00:25).
13. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») — 17:21:16 (+01:50).
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Интер» - «Қайрат»: ойынын қайдан көруге болады?
05.11.2025, 16:19
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
30.10.2025, 02:05