Қазақстан мен Латвия құрамалары тең тарқасты
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында Латвия құрамасын қабылдап, тең түсті. Астанада өткен кездесуде қос құрама 1:1 есебімен тең тарқасты.
Бірінші таймда Гафуржан Сүйімбаевтың соққан голы Қазақстанды алға шығарған. Және есепті еселеуге Ұлттық құрама жігіттерінде бірнеше мүмкіндік болды. Бірақ, дәлдік жетіспеді.
Ал, екінші тайм басталысымен қонақтар шабуылын үдете түсті. Алаң иелерінің айып алаңында болған қарбалас сәттердің бірінде Латвия ойыншысы Денис Ракель есепті теңестіріп кетті. Қорытынды есеп 1:1.
Қазақстан құрамасы топтағы соңғы ойынын 19 қараша күні сырт алаңда Грузия құрамасына қарсы өткізеді.
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Интер» - «Қайрат»: ойынын қайдан көруге болады?
05.11.2025, 16:19
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
30.10.2025, 02:05