IBF Головкинге титулын сақтап қалу үшін арнайы шарт қойды
Қазақстандық Геннадий Головкин қандай жағдайда IBF титулын сақтап қала алатыны белгілі болды.
IBF Головкиннің 5 мамырда аталмыш белбеуге негізгі үміткер украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасқанын қалаған. Алайда Головкин америкалық Ванес Мартиросянмен кездесетін болды. Бұл жекпе-жекте Головкин IBF титулын қорғамайды.
Бұл жағдайда қазақстандық боксшы IBF белбеуінен айырылып қалуы ықтимал. Титулын сақтап қалуы үшін Головкинге 5 мамырдағы жекпе-жегінен соң 90 күн ішінде Деревянченкомен жұдырықтасу қажет. Демек, 3 тамызға дейін Головкин – Деревянченко кездесуі өтуі тиіс.
Айта кетейік, көптеген бокс мамандары қыркүйекте Головкин мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізеді деп болжаған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Интер» - «Қайрат»: ойынын қайдан көруге болады?
05.11.2025, 16:19
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
30.10.2025, 02:05