Басты Жаңалықтар Данияр Елеусінов BoxRec рейтингінде жоғары көтерілді

Данияр Елеусінов BoxRec рейтингінде жоғары көтерілді

Данияр Елеусінов BoxRec рейтингінде жоғары көтерілді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (2-0, 1 КО) кәсіби бокстағы екінші жеңісінен кейін Boxrec.com сайтының жаңартылған рейтингінде көтерілді.

"Қазақ найзағайы"  жартылай орта салмақтағы рейтингте 681-ші орыннан 346-шы орынға көтерілді. Бірінші орында австралиялық боксшы, WBO  тұжырымдамасы бойынша чемпиондық белбеудің иесі Джефф Хорн (18-0-1, 12 КО) тұр.

Естерңізге сала кетейік, Лондондағы (Ұлыбритания) бокс кешінің аясында Елеусінов төрешілердің бірауызды шешімімен (60-54) венгриялық Золтан Шабоны (24-12, 10 КО) жеңген болатын.

Данияр өзінің үшінші жекпе-жегін Лондонда O2 Arena-да  28 шілдеде өткізеді. Қарсыласы әзірге белгісіз.

Бөлісу