Басты Жаңалықтар Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (7-0, 6 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.

Мейірім Нұрсұлтанов Лос-Анджелес қаласында мексикалық боксшы Хосуэ Обандомен (16-20-1, 12 КО) жұдырықтасқан болатын. Отандасымыз қарсыласын алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Олар  Вирджил Ортис пен Хуан Сальгадо арасындағы бокс кешінің андеркартында өнер көрсетті.

Қос боксшының арасындағы төбелесті «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Бөлісу