Жасөспірімдер арасында Ұлттық спорт түрлерінен ел біріншілігі өтеді
Жарысқа еліміздің 16 облысы мен Астана, Алматы қалаларының спортшылары қатысады.
Алматы қаласында 31-ші шілде мен 4-ші тамыз аралығында көкпар, аударыспақ және теңге ілуден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының ІІІ чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің 16 облысы мен Астана, Алматы қалаларының 1996-1998 жылы туған жасөспірім спортшылары қатысады, - деп хабарлайды Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы.
Чемпионат ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2014 жылға арналған бұқаралық-спорттық, сауықтыру іс-шаралары мен республикалық және халықаралық негізгі жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес өткізіледі.
Ел біріншілігі Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Қазанат» атшабарында өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Интер» - «Қайрат»: ойынын қайдан көруге болады?
05.11.2025, 16:19
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
30.10.2025, 02:05