Аламан бәйгенің өтетін орны мен жүлде қоры белгілі болды
Бүгін ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығында 14 қыркүйек күні аламан бәйге турнирінің дайындық барысы талқыланды, деп хабарлайды Ұлттық спорт түрлерінің қауымдастығы.
Ұйымдастырушылар турнирдегі қауіпсіздік шараларына баса назар аударып отыр. Себебі, 43 шақырымдық бәйгеде жылқыға да, шабандозға да оңайға соқпайтыны анық.
Республикалық «Алтын тұлпар» турнирі Астанадан 30 шақырым қашықтықта орналасқан Қабанбай батыр ауылының аумағында өтетін болды. Сондай-ақ, бәйгенің бекітілген ережесі бойынша, қатысушы ат үшін 95000 (тоқсан бес мың) теңге жарна төлеуі тиіс. Десе де, аламан бәйгенің жүлде қоры 21 миллион теңгені құрап отыр. Бұл қаражат мәреге алғаш келген тоғыздыққа табысталады.
Нақтырақ айтсақ, 1-орынға 10 миллион, 2-орынға 5 миллион, 3-орынға 2,5 миллион, 4-орынға 1,5 миллион, 5-орынға 1 миллион, 6-орынға 750 мың, 7-орынға 500 мың, 8-орынға 300 мың, 9-орынға 150 мың теңге қаржылай сыйақы беріледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Интер» - «Қайрат»: ойынын қайдан көруге болады?
05.11.2025, 16:19
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
30.10.2025, 02:05