«Алтын тұлпар» аламан бәйгесіне қызу дайындық басталды
Аталған турнирге 14 облыс және Астана, Алматы қалаларының әрқайсысынан 10 жүйріктен қатысады.
Кеше ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұжымы, басшылары және жауапты мамандары Астана қаласы маңындағы, Қабанбай батыр ауылы аумағында кездесті, деп хабарлайды ulttyqsport.kz.
Мұнда аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» республикалық турнир өтетін орын мен этноауылдың орналасатын жері тұрақтанды. Яғни, аталған шараға қызу дайындық басталып кетті.
Естеріңізге сала кетсек, қыркүйектің 14 күні аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» республикалық турнир өтеді. Аталған турнирге 14 облыс және Астана, Алматы қалаларының әрқайсысынан 10 жүйріктен қатысады.
Іріктелген 160 ат қатысатын мұндай аламан бәйге елімізде тұңғыш ұйымдастырылып отыр. Бұл аламан бәйге әдеттегі ат жарысқа қарағанда шабар жолы ұзақ, жер бедерінің ойлы-шұңқыр болуымен ерекшеленеді.
Сонымен бірге, жүлде қоры да қомақты. Яғни, бас бәйге 10 000 000 теңгені құрайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Интер» - «Қайрат»: ойынын қайдан көруге болады?
05.11.2025, 16:19
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
30.10.2025, 02:05