Ұлттық спорт түрлерінен маман даярлау қолға алынбақ
Жақында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Б.Тілеухан, Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Е.Сыдықовпен кездесті, деп хабарлайды ulttyqsport.kz.
Кездесуге ұлттық спорттың қыр-сырын білетін мемлекеттік жаттықтырушы Р.Сәттібаев, Асылбек Избаиров бастаған мамандар, сондай-ақ, университеттің дене шынықтыру кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.
Отырыста басты қаралған мәселе - Еуразия Ұлттық университеті қабырғасынан Ұлттық спорт түрлері бөлімшесін ашып, болашақ маман дайындау. Аталған бөлімше Ұлттық спорттың барлық түрін дамытуға атсалысады.
Мысалы, бүгінгі таңда ұмытылып бара жатқан қолөнер шеберлерін дайындау, тоғызқұмалақ спортшыларын тәрбиелеу, құсбегілікті дәріптеу, қазақы құмай тазы баптаудың қыры мен сырына үйрету.
Сонымен бірге, көкпаршылар дайындау, кезіндегі түйе палуан дәстүрін дүниеге паш ету. Ұлттық спорттың өзге де түрлерінен оқушы тәрбиелеп, болашақ ұлттық спорт мамандарын жетілдіріп шығаруды көздейді.
Фото: ulttyqsport.kz.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Интер» - «Қайрат»: ойынын қайдан көруге болады?
05.11.2025, 16:19
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
30.10.2025, 02:05