Таразда Қазақ күресі федерациясының Кубогы өтеді
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай Таразда ҚР Қазақ күресі федерациясы кубогы турнирі өтеді, деп жазады kazakhstanbarysy.kz сайты.
ҚР Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев желтоқсан айының 3-5 күндері аралығында Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында федерация кубогының өтетіндігі туралы мәлімдеді.
Кубоктың бекітілген регламенті бойынша кубокка 18 жастан асқан палуан 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 келіге дейінгі және 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қатыса алады. Турнир Олимпиадалық схема бойынша өтеді.
Міндеттелген шарт бойынша кубокка қатысушы палуан клуб мүшесі болуы тиіс. Сондай-ақ, әрбір команда қазақ күресінің клубы екендігін көрсетуі қажет.
Турнирдің жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
30.10.2025, 02:05
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
29.10.2025, 23:57