Қырғызстан Бүкіләлемдік көшпенділер ойынын ұйымдастыруға 6 млн доллар бөлді
Бұл туралы Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Темір Сариев Парламент депутаттарының сауалдарына жауап беру кезінде мәлім етті.
Қырғызстанның КирТАГ агенттігінің хабарлауынша, бұл қаржы елдегі атшабарды қайта жөндеу мен Тамчи әуежайындағы жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін және жол инфрақұрылымын жөндеуге жұмсалатын болады.
Қырғызстанның Үкімет басшысының айтуынша, қазіргі таңда бұл мәселе бойынша демеушілермен де келіссөздер жүргізілуде.
«Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесін өткізу үшін де дайындық жұмыстары жүріп жатыр, оған қоса келер жылы елде көптеген самиттер өтеді. Сондай-ақ түркітілдес мемлекеттердің президенттерінің кездесуі бар. Бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы бойынша жұмыс топтары құрылды»,-деді Т.Сариев.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
30.10.2025, 02:05
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
29.10.2025, 23:57