Алматыда қазақ күресінен «Алматы барысы» анықталды
Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен «Алматы барысы» турнирі аяқталды. Оған қаланың әр ауданынан 3 палуаннан, яғни барлығы 24 үміткер қатысты. Барлығының салмағы 90 келіден жоғары болды.
Финалда Наурызбай ауданының 25 жастағы тұрғыны, дзюдодан 2014 жылғы Қазақстан чемпионы Виктор Демьяненко (105 келі) Түркісіб ауданының 22 жастағы палуаны, қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер, 2013 жылғы ҚР жастар арасындағы чемпионат жүлдегері Бауыржан Қабаймен кездесіп, оны айқын басымдықпен жеңді. Осылайша Виктор Демьяненко 2016 жылғы «Алматы барысы» атанды.
Жеңімпазға Алматы қаласының әкімі, Алматы қалалық Қазақ күресі федерациясының президенті Бауыржан Байбек алтын белбеу мен Lada Priora автокөлігінің кілтін табыс етті. Күміс жүлдеге ие болған Бауыржан Қабайға 1 миллион теңге табыс етілді. Ал, 3-ші орын үшін болған сайыста Жетісу ауданының 26 жастағы өкілі, қазақ күресінен спорт шебері, Елдар Нәсиевті (90 келі) таза жеңген Әуезов ауданының 26 жастағы тұрғыны, дзюдодан спорт шебері, 2011 жылғы дзюдодан ҚР чемпионатының жүлдегері Ақжол Медетовтің беліне (110 келі) қола белбеу тағылып, оған 500 мың теңге сыйақы берілді.
Енді, Виктор Демьяненко мен Бауыржан Қабай алдағы шілде айында Астана қаласында өтетін республикалық «Қазақстан барысы» турниріне қатысатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
30.10.2025, 02:05
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
29.10.2025, 23:57