«Астана» баскетболшылары үш дүркін ел чемпионы атанды
Баскетболдан ерлер командалары арасындағы XXII чемпионаттың финалдық кездесуіндегі үшінші ойын Атырау қаласында өтті. Ақтық сында жергілікті «Атырау барысы» мен «Астана» командалары кездесті.
Естеріңізге сала кетейік, ақтық ойындар үш жеңіске дейін жалғасады. Алғашқы екі кездесуде «Астана» баскетболшылары өз алаңында қарсыластарын айқын ұтқан еді. Бірінші ойында 90:61 есебімен басым түссе, екінші ойын 87:65 есебімен аяқталды.
Үшінші матч та астаналықтардың пайдасына шешілді. Есеп - 73:64. Бұл ойында Джерри Джонсон 24 ұпай, Янис Блумс 11 ұпай жинап, үздік ойыншы атанды.
«Астана» баскетбол клубы елдегі ең мықты клуб екенін дәлелдесе, атыраулық команда күміс жүлдеге ие болды. Ал қола жүлде үшін тартыс «Қапшағай» мен «Каспий» командалары арасында әлі жалғасуда. Әзірге есеп - 1:1.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
30.10.2025, 02:05
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
29.10.2025, 23:57