Астанада стритбол мен көше биінен чемпионат өтеді
1 мамырда Астанадағы «Думан» ойын-сауық орталығының жанындағы спорт алаңында стритбол бойынша спорттық жарыстар мен «брейк данс» көше билеріне арналған чемпионат өтеді. Сондай-ақ, осы күні граффитимен айналысатын үздік суретшілер шеберлік сыныптарын өткізеді. Шараны «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастыруда. Қаланың шығармашылық жастарына қолдау көрсетуге және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шара қатарынан екінші жыл өткізілуде. Қатысушыларды «Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ ұйымдастырған түрлі байқаулар, жүлделер мен сыйлықтар күтуде. Шара 2015 жылдың 1 мамыры сағат 12:00-де «Думан» қонақ үйінің жанындағы көлік тұрағында өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
30.10.2025, 02:05
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
29.10.2025, 23:57