Головкин - Альварес реваншы өтетіндігі ресми түрде хабарланды
Орта салмақ бойынша WBC, WBA, IBF нұсқаларының иегері Геннадий Головкин мен экс-чемпион Сауль Альварес 5 мамырда қайта кездеседі.
Жекпе-жекте қазақстандық боксшы барлық чемпиондық атағын бәске тігеді. Ал мексикалық The Ring журналының үздік боксшысы атағын қорғайды.
Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы кездесу өткен жылдың 16 қыркүйегінде өтті. Ол кездесу теңдей аяқталды деген қорытынды шығарылды. Сол уақыттан бастап боксшылардың командалары реванш өткізу жөнінде келіссөздер жүргізе бастаған еді. Алда болатын кездесуде жеңімпаз атанған спортшы WBO нұсқасы бойынша чемпион Билли Джо Сондерспен кездеседі. Яғни орта салмақта абсолютті чемпион атануға мүмкіндік алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қайрат» «Интерден» 2:1 есебімен жеңілді
06.11.2025, 03:54
«Интер» - «Қайрат»: ойынын қайдан көруге болады?
05.11.2025, 16:19
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41