Басты Жаңалықтар Садриддин Ахмедов Алматыда титулды жекпе-жек өткізеді

Садриддин Ахмедов Алматыда титулды жекпе-жек өткізеді

Садриддин Ахмедов Алматыда титулды жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBC тұжырымдамасы бойынша жастар арасындағы Әлем чемпионы Садриддин Ахмедов 24 наурыз күні Алматыда өтетін бокс кеші аясында титулды жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы боксшы өзінің Instagram парақшасында жариялады. Жекпе-жекте ересектер арасындағы WBC Asia чемпиондық атағы сарапқа салынады. Қарсылас әзірге белгісіз. 

Естеріңізге сала кетейік, Садриддин Ахмедов қаңтар айының 27-ші жұлдызында Монреальда өткен бокс кешінде  WBC тұжырымдамасы бойынша жастар арасындағы Әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын.


Бөлісу