Элизабет Тұрсынбаева Қысқы Универсиада ойындарының күміс жүлдегері
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан ХХІХ Қысқы Универсиада ойындарында күміс жүлдеге ие болды. Қысқа және еркін бағдарлама қорытындысы бойынша отандасымыз 214,77 ұпай жинады.
Бірінші орын жапониялық Май Михараның (220,68 ұпай) еншесінде болса, "қола" жүлде ресейлік Станислава Константиноваға (205,91 ұпай) бұйырды.
Сондай-ақ, аталған сында өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық Айза Мамбекова 124,41 ұпаймен 17-ші орынға жайғасты.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 6 медаль бар (3 күміс, 3 қола).