Басты Жаңалықтар Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы 15-ші жеңісіне қол жеткізді

Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы 15-ші жеңісіне қол жеткізді

Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы 15-ші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Батыр Жүкембаев пен Нұрзат Сабыров кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жектерінде жеңіске жетті.

Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінде Батыр Жүкембаев (15-0, 12КО)  шаршы алаңда мексикалық Хильберто Месаға қарсы жұдырықтасты.  Бірінші жартылай орта салмақта өткен кездесу толық 10 раундтан тұрды және төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

Сондай-ақ, бокс кешінде өзінің тоғызыншы жекпе-жегін өткізген Нұрзат Сабыров (9-0, 8 КО) аргентиналық Сесар Эрнан Рейносоны (15-11-4, 7 КО) жетінші раундта нокаутпен жеңді. 


Бөлісу