Басты Жаңалықтар Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атақ үшін жұдырықтасады

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атақ үшін жұдырықтасады

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атақ үшін жұдырықтасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) келесі жекпе-жегінде екі бірдей чемпиондық атақ үшін жұдырықтасады.

Top Rank промоутерлік компаниясының ұсынған ақпараттар бойынша отандасымыз 12 сәуір күні Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін бокс кешінде 27 жастағы мексикалық боксшы Кристиан Оливасқа (16-4, 13 КО) қарсы шаршы алаңға шығады. Жекпе-жекке орта салмақтағы WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулері тігілген. 

Қос боксшы жеңіл салмақтағы Василий Ломаченко мен Энтони Кролла арасындағы жекпе-жектің андеркартында кездеседі. 

Бөлісу