Конор МакГрегор спорттық мансабын аяқтады
UFC тарихындағы ең атақты спортшылардың бірі ирландиялық Конор МакГрегор спорттық мансабын аяқтау туралы шешімге келді. Бұл туралы спортшы Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.
Конор МакГрегор - UFC промоушеніндегі жеңіл және жартылай жеңіл салмақтағы Әлемнің экс-чемпионы. Ол октагонда барлығы 25 жекпе-жек өткізіп, 21 кездесуде жеңіске жеткен.