Тұңғыш рет қазақстандық телеарна халықаралық хабар тарату одағының комитетіне төрағалық етеді

14-16 маусым күндері Нұр-Сұлтан қаласында 64-ші Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының (ABU - Asia-Рasific Broadcasting union) спорттық конференциясы өтті. Конференцияның ұйымдастырушысы – "Қазақстан" телерадиокорпорациясы.

Нұр-сұлтанда өткен телевизиялық-спорттық ауқымды шараға әлемнің көптеген елдерінен хабар тарату өкілдері қатысты. Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының ауқымы үлкен, ол жаңалықтар, спорттық және ғылыми-танымдық бағдарламалар таратумен айналысады. Конференцияға қатысушылар бағдарламаларды бірлесіп өндірудегі, Азия телеарналары арасында тәжірибе алмасып отырудағы ынтымақтастық туралы мәселелерді талқылады. 

Конференция соңында QAZSPORT телеарнасының директоры Павел Цыбулин Малайзия, Қытай, Жапония, Индия елдерінен келген әріптестерімен бірге 2 жылдық мерзімге Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы комитетінің басшылығы құрамына енді. 2 жыл бойы телевизиялық құқық бойынша бірге жұмыстанып, «сары құрлық» арналарымен өнім алмастырылып, отандық контенттер өзге елдің арналарында көрсетілмек. Конференцияа халықаралық жарыстар кезінде бір-біріне көмек қолын созып, жаңалықтармен бөлісіп отыру жөнінде шешім қабылданды. Арна басшысы Павел Цыбулин: «Қазақтың ұлттық ойындарын Азия елдеріне кеңінен насихаттау – телеарнаның басты міндеттерінің бірі», - деді. 

Конференция аясында делегаттар каратэ бойынша «Kazakhstan Open» халықаралық турнирінің көрермені болды. ҚР этноспорт Ассоциациясы ұлттық спорт түрлерінің әдістері мен техникасын кеңінен насихаттады. 

Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы (ABU) – әлемдегі ең ірі хабар тарататын ұйымдардың бірі. Қазіргі уақытта одақтың құрамында 76 елден 272 мүше бар. ABU-ға мүше компаниялар арқылы 3 миллиардқа жуық адамға хабар таратылады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Екатерина Таранцева Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Грек-рим күресінен өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшылар құрамы анықталды
Ресми: Доннарумма Парижден кетеді
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Комментатор сөздігін» таныстырды
Загребте өтетін әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар анықталды
Жәнібек Абу-Бәкір XII Дүниежүзілік ойындарында Қазақстанға алғашқы алтын жүлдені сыйлады
Қос қазақстандық балуан Германияда өткен Гран-при турнирінің чемпионы атанды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Asian Figure Skating Youth Camp лагеріне қатысады
Елена Рыбакина Монреаль турнирінің финалына шыға алмады
Қазақстандық спортшылар The World Games – 2025 жарысына қатысады
Ролан Гаррос: қазақстандық жас теннисшілер ширек финалға өтті
Қазақстандық теннисші Иван Пономарев ITF турнирінде алғашқы титулын жеңіп алды
Қысқы Азия ойындарында үздік нәтиже көрсеткен спортшыларға қаржылай сыйақы берілді
Алматыда Ғұсман Қосанов мемориалы аясында халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтті
Эльмира Сыздықова халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болды
Астанада қазақ күресінен алғаш рет CISM Әлем чемпионаты өтеді
World Boxing: Таиландта бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы гандболдан әлем чемпионатына жолдама алды
Мадхия Усманова әйелдер күресінен Әлем чемпионы атанды
Алматыда жасөспірімдер арасында Ролан Гарросқа іріктеу турнирі өтеді