Пара пауэрлифтингтен Әлем чемпионатының алғашқы күнінде үш қазақстандық спортшы жүлдегер атанды
Пара пауэрлифтингтен Әлем чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды. Бүгін ерлер арасында -49, -54, -59 және -65 келі салмақ дәрежелері бойынша жүлделер сарапқа салынды.
Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша ел қоржынына 3 медаль (1 күміс, 2 қола) түсті.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Захар Буймов күміс жүлдегер атанса, Ерболат Кәрібай (-49 келі) және Максим Тен (-59 келі) қола жүлдеге ие болды.