UEFA EURO 2020 ОЙЫНДАРЫН ОТАНДЫҚ ТЕЛЕАРНАЛАРДАН 2,5 МИЛЛИОН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАМАШАЛАҒАН

Футболдан UEFA EURO 2020 турнирін бір ай бойы отандық телеарналардан 2,5 миллион қазақстандық тамашалаған. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы TNS Central Asia зерттеу компаниясының деректеріне сүйене отырып, футбол матчтарын телеарналар арқылы тамашалаған көрермендер санын жариялады. 


«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарындағы 51 ойынның жалпы көрермендер саны 2 486 184 мың адамды құрады. Оның ішінде ең көп көрермен жинаған TOP-5 матчтың қатарында Англия – Германия, Португалия – Германия, Хорватия – Испания, Уэльс – Дания, Дания – Бельгия арасындағы кездесулер тұр. Бес ойынның жалпы жанкүйерлер саны 885 460 адамды құраған. 


«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының ресми сайты және Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы ең көп қаралған матчтар бестігін Италия-Англия арасындағы ойын бастап тұр. Финалдық матчты 281 339 көрермен онлайн тамашалаған. 

Сайт және мобильді қосымша арқылы ең көп қаралымға ие болған ойындардың келесі төрттігі: 

Венгрия – Португалия (155 483 көрермен);

Түркия – Италия (131 590 көрермен);

Франция – Германия (114 374 көрермен);

Бельгия – Ресей (103 764 көрермен).


TNS Central Asia компаниясының зерттеулері 100 мыңнан көп тұрғыны бар қалалар арасында жүргізілетінін еске саламыз. UEFA EURO 2020 ойындарын Қазақстан аумағында көрсету құқығын тек «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары иеленді. 


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды