НАДЕЖДА МОРОЗОВА ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
Конькимен жүгіруден Польшада өткен Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Надежда Морозова үздік үштікті түйіндеді. А тобында өнер көрсеткен отандасымыз 1500 метр қашықтықты 01:56.925 уақыт көрсеткішімен аяқтап, қола жүлдеге ие болды.
Бұл кезеңде алтын жүлде жапониялық Мико Такагиге бұйырса, күміс жүлде АҚШ өкілі Бриттани Боуидің еншісінде.